Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада «Сыр барысы» анықталды

28.05.2025, 16:45 249

HALYQLINE.KZ

Қазақ күресінен XVI облыстық «Алтын белбеу» жарысы өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған спорттық жарысқа кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер, жастар және ересектер санатында 10 салмақ бойынша 250-ден аса спортшы қатысып, шын мықтылары жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат таратты.

Балуандар бәсекесінде көрермен әртүрлі салмақтағы белдесулерден соң түйе балуандардың сайысына куә болды. 16 спортшы бақ сынаған додада ІІІ орынды 18 жастағы Сұлтан Бейбарыс иеленіп, «Сыр сұңқары» атанды. Ал, ақтық айқаста Нұрым Сәлімгереев пен Мақсат Исағабылов өзара белдесіп, жеңісті Нұрым Сәлімгереев өз қанжығасына байлады. Осылайша, ІІ орын иеленген Мақсат Исағабылов «Сыр арланы» атанса, «Сыр барысы» атағын Нұрым Сәлімгереев иеленді. Айта кетейік, қос спортшы алдағы уақытта өтетін «Қазақстан барысы» додасында аймақтың намысын қорғайтын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: