Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бұқаралық спорт және жас ерекшеліктері белгілі болды

20.05.2025, 15:35 350

Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту Қазақстан үшін аса маңызды екенін бірнеше рет атап өткен болатын. ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бүгінде халықтың 40,4 пайызы — бұл 8 миллионнан астам адам тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады.

2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізу міндеті қойылған.

2024 жылдың қорытынды мәліметі бойынша спортпен айналысатындардың жалпы саны — 8 406 213 адам. Оның ішінде жас ерекшелігіне қарай:

  • 3-5 жас: 141 872 адам — ауылдық жерлерде: 26 046
  • 6-13 жас: 2 575 711 адам — ауылдық жерлерде: 1 002 016
  • 14-18 жас: 2 009 876 адам — ауылдық жерлерде: 748 253
  • 19-35 жас: 2 329 977 адам — ауылдық жерлерде: 828 564
  • 36-65 жас: 1 242 922 адам — ауылдық жерлерде: 485 969
  • 65 жастан жоғары: 106 694 адам — ауылдық жерлерде: 20 434

Спортпен белсенді айналысатындардың үлесі бойынша көшбасшылар (пайыздық көрсеткішпен):

  • Алматы қаласы — 11,37%
  • Түркістан облысы — 10,53%
  • Астана қаласы — 7,15%
  • Алматы облысы — 7,64%
  • Шымкент қаласы — 6,48%
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: