Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 60 зират тазаланды

30.04.2025, 16:15 205

Фото: Ақмешіт Сырдария мешіті

Сыр имамдары мен белсенді жамағат аймақтағы мұсылман зираттарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, «Өткенге құрмет – тіріге міндет» республикалық акциясына үлес қосты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының бастамасымен сәуір айының екінші жартысында ұйымдастырылған шараға 1825 қызылордалық қатысты. Нәтижесінде дін қызметкерлері мен еріктілер облыс бойынша 60 зиратты тазалады.

Акцияның мақсаты – өткенге тағзым етіп, зираттар мен қорымдардың тазалығын сақтауға үлес қосу, сондай-ақ ата-баба аманатына құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: