Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

“Мұғалім” спектаклі сахналанды

14.03.2025, 13:20 71

Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Ассорти» студент жастар театры драматург Қолғанат Мұраттың «Мұғалім» атты шығармасының желісіне негізделген спектакльді сахналады.

Театр жастары сахнада шәкіртінің арманын әлдилеген мұғалім Айдана Айдарбекқызын, анасының тентек ұлы Нариманды, әкесінен ерте айырылған Іңкәрді, отбасындағы үлкендердің қатаң қағидасына байланған Ербол мен Бүркітті, қиялынан қол үзгісі келмейтін Зарина мен Қорланды шебер ойнап, көрермен жүрегінен орын алды.

Ұстаз – қай заманда да ең ұлы құрмет иесі болып саналады!

Бүгінгі бала – ертеңгі болашақ десек, сол болашақты бүгінгі қоғам қалай қалыптастырып жатыр? Бозбала мен бойжеткеннің жан дүниесі қандай күйде? Мұғалімнің қоғамдағы, бала болашағын қалыптастырудағы орны қандай? Ата-ананың ше? Осы сауалдарға «Мұғалім» спектаклі жауап берді.

Қойылымда мектеп өмірінің шынайы көріністері, мұғалім мен оқушы, мұғалім мен ата-ана, тіпті мұғалім мен қоғам арасындағы қарым-қатынастар көркемдік тәсілдер арқылы бейнеленеді. Кейіпкердің жан күйзелісі, оқушыларға деген махаббаты мен адалдығы көрерменді бей-жай қалдырмады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: