Бұл туралы «Желмая» жобасына берген сұхбатында журналист, әдебиеттанушы, Мәжілістің VI және VII шақырылымының депутаты Сауытбек Әбдірахманов мәлімдеді,- деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Ол сұхбат барысында ассамблеяның негізгі міндетіне тоқталды.
Ассамблеяның негізгі міндеті – елдегі этностарды біріктіру. Ол мақсатына ассамблея жетті. Неге елдегі этностар деп отырмын? Өйткені ассамблея алғаш құрылғанда оның аты Қазақстан халықтарының ассамблеясы болатын. Шын мәнінде Қазақстан халқы біртұтас емес еді. Міне, сондықтан халықтарды ортақ халық, біртұтас халыққа ұйыстыру мәселесі көтерілді. Мәселе көңілдегідей орындалды, – деп атап өтті Сауытбек Әбдірахманов.
Айтуынша, қазір де біз ассамблеяның жаңа міндеттерді алға қойып отырғанын көріп отырмыз.
Өйткені ассамблеяның бұрынғыдай этно-мәдени бірлестіктердің тілін, мәдениетін дамыту, олардың концерттеріне жағдай жасау, жексенбіліктерде тілді оқыту сияқты міндеттер өткен кезеңде қалды. Ал қазіргі ассамблеяның негізгі міндеті – Қазақстан этностарын ортақ ұлтқа ұйыстыру. Бір ортақ ұлтқа айналдыру. Шын мәнінде бізде «нация» сөзі мен «национальность» сөзі бір сөзбен берілетіндігі, яғни «ұлт» деген сөзбен берілетіндігі адамдарды біраз адастырады. Өйткені, ұлт деген – бірінші біздің «национальность» деген мағынадағы ұлт – ол этностық белгі. Ал екінші, одан жоғары деңгейдегі ұлт деген ұғым – бүкіл мемлекеттің тұрғындарының саяси жиынтығы, саяси бірлігі, – деп түсіндірді қоғам қайраткері.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!