Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

04.03.2025, 16:10 61

 «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында қоғамдық тәртіпті сақтау, атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын-алу және жолын кесу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ІІМ Көліктегі ПД Қызылорда станциясындағы ЖПб-не қарасты Қызылорда қаласы әуежайындағы ЖПб-нің қызмет көрсету учаскесінде қару жарақ, оқ-дәрілерін тәркілеу және өз еріктерімен тапсыру мақсатында 2025 жылдың наурыз айының 03-05 аралығында ҚР ІІМ бұйрығымен «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

 Осыған байланысты елімізде ауыр қылмыстардың жиеленіп кетуіне байланысты атыс қаруын қолдануына және оқушылар арасында заңсыз сақталған атыс травматикалық қарумен оқ-дәрілерді, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескере отырып, азаматтарды өз еркімен заңсыз сақталған, тауып алған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді полиция бөлімдеріне тапсыруға шақырады.

 Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, егер олардың іс-әрекетінде өзге қылмыстар құрамы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

 Ибраев К.Г,

Қызылорда қаласы әуежайындағы ЖПб бастығы,

полиция капитаны

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: