Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты міндет

26.02.2025, 17:25 74

HALYQLINE.KZ

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономикалық аясында қылмыстық құрылымдармен қайнасу, сондай-ақ мемлекеттегі, лауазымды адамдардың қоғамдық және саяси қайраткерлердің парақорлығымен сипатталады. Қазақстанда сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер қабылданған.

Індетпен күрес – Қазақстандағы өзекті мәселенің бірі. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидалары теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқығы мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.

Жемқорлық – «сатып алу» деген мағынаны білдіреді. Бұл – мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Жемқорлық жасалу түрлеріне қарай екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық іс-әрекет және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет. 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті Халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күрес туралы конвенцияға қол қойды. Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын қабылдады. Жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек.

Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, әлемге танылғанымызға отыз жылдай уақыт өтті. Президенттің көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры бекіп, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, елдің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Мемлекетіміз бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеседен айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу ел тұрғындарының азаматтық борышы деп білу керек.

Г.ИМАГАНБЕТОВ,

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: