Қазалы аудандық орталық кітапханада ақын, шежіреші, өлкетанушы, тіл жанашыры Нұртай Базарұлының әр жылдары баспа бетінде жарық көрген өлеңдері мен арнаулары, ел-жер тарихына қатысты әңгімелері, бата сөздері, мақалдары топтастырылған «Қазалым – арнау жырдың арқауысың» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті.
Аталмыш шарада аудан әкімінің орынбасары Алиев Жәнібек Алмасұлы сөз сөйлеп, жаңа кітаптың тұсауын кесіп, өлкетанушы ақынның өмірі мен ол жеткен жетістіктерге тоқтала келіп, автор шығармалары, ел мен жердің, қазақтың арғы-бергі тарихы жайындағы танымдық мақалалары оқырмандарын бей-жай қалдырмайтынын айтып өтті. Одан соң авторға аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті.
Шарада еңбек ардагерлері, кітапсүйер оқырмандар құттықтау сөз сөйлеп, мектеп оқушылары ақынның шығармаларын жатқа оқыды.
Нұртай Базарұлының еңбегіне табыс, ұшқыр қаламына шабыт, отбасына бақ-береке, оқырмандар асыға күтетін ойлы шығармалар тілейміз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!