Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

2024 жылы Қазақстанда қай салалар көп несие алды?

10.02.2025, 15:40 97

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылы бизнесті, халықты және жалпы Қазақстан экономикасын несиелеудің қорытындыларын жариялады, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылы екінші деңгейдегі банктер барлығы 36,2 трлн теңгеге жаңа кредиттер берді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 19,5%-ға артық. Бұл ретте, 2024 жылғы желтоқсанда 3,8 трлн теңге берілді, бұл өткен аймен салыстырғанда 10,2%-ға артық.

Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер сақталып отырған жоғары пайыздық мөлшерлемелерге қарамастан, 2024 жылы 16,3%-ға 13,1 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда 3,9%-ға өсу). Бизнеске кредиттер портфелі өсімінің негізгі драйвері 46,6%-ға 2,3 трлн теңгеге дейін ұлғайған дара кәсіпкерлерге берілетін кредиттер болып табылады.

ШОБ субъектілеріне қарыздар 2024 жылы 13,1%-ға 6,5 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда 4,9%-ға өсу), ірі бизнеске қарыздар 9,2%-ға 4,4 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда 2,8%-ға өсу).

2024 жылдың қорытындысы бойынша бизнеске кредиттердің өсуі ақпарат және байланыс саласын қоспағанда, экономиканың барлық салаларында байқалады. Өнеркәсіпте кредиттер 31,1%-ға 4,4 трлн теңгеге дейін (2024 жылғы желтоқсанда 7,7%-ға өсу), саудада – 18,9%-ға 3,5 трлн теңгеге дейін (2024 жылғы желтоқсанда 4,4%-ға өсу), құрылыста – 14,5%-ға 0,7 трлн теңгеге дейін (2024 жылғы желтоқсанда 5,5%-ға өсу), көлік саласында 8,9%-ға 0,9 трлн теңгеге дейін (2024 жылғы желтоқсанда 2,6%-ға өсу) және басқа да қызмет көрсету салаларында – 3,7%-ға 3,0 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда 2,6% өсу).

Бұл ретте негізінен ақпарат және байланыс саласында жоспарлы өтеулерге байланысты кредиттік портфельдің 25,1%-ға 0,2 трлн теңгеге дейін төмендеуі байқалды (2024 жылғы желтоқсанда 20,2%-ға өсу).

2024 жылы бизнес субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер 18,2 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 17,2%-ға артық. Бұл ретте 2024 жылғы желтоқсанда 2,1 трлн теңге берілді, бұл өткен аймен салыстырғанда 15,4%-ға артық.

Бизнестің кредиттік өтінімдерін қарау процестерін цифрландыру және оңайлату, сондай-ақ банктердің скорингтік модельдерін жетілдіру жөніндегі банктердің белсенді жұмысының нәтижесінде бизнеске кепілсіз кредит беру үлесінің өсуі байқалады, олардың жаңа кредиттер берудегі деңгейі 2023 жылғы 17,8%-дан 2024 жылы 20,5%-ға дейін өсті.

Халықтың несие алуы азаяр емес

Халыққа берілген кредиттер 2023 жылы 26,7%-ға өсумен салыстырғанда бәсеңсіп, 2024 жылы 23,9%-ға ұлғайып, 20,7 трлн теңгені құрады (2024 жылғы желтоқсанда 1,7%-ға өсу). 

Халыққа берілетін кредиттер құрылымында ипотекалық кредиттер 2024 жылы 14,5%-ға 6,1 трлн теңгеге дейін өсті. Ипотекалық портфельдегі нарықтық бағдарламалардың үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 26,6%- дан 30,2%-ға дейін ұлғайды.

2024 жылы тұтынушылық қарыздар 2023 жылғы 34,2%-дан баяулап, 33,5%-ға 13,8 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда 1,9%-ға өсу).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: