Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Үйінің алдында екі жедел жәрдем көлігі тұр»: Дулат Исабеков хал үстінде жатыр

06.02.2025, 15:55 125

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков ауыр халде жатыр.

Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов жазушының халін сұрап үйіне барған, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаламгердің айтуынша, белгілі жазушының қан қысымы көтеріліп, төсек тартып жатып қалған. Қасында қызы Шолпан мен дәрігерлер бар.

«Ол кісінің ауырып жатқанына біраз болды. Бүгін қан қысымы көтеріліп, жағдайы тіптен нашарлады. Хабарды ести сала Жазушылар одағының төрағасымен бірге үйіне жедел жеттік. Үйінің алдында екі жедел жәрдем көлігі тұр. Атамыз төсек тартып жатыр. Әрең сөйлейді, дегенмен біраз әңгімелесіп, қасында отырдық. Жанында балалары бар. Әсіресе Шолпан ерекше күтім жасап жатыр. Дәрігерлер де қасында», – деді Қасымхан Бегманов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: