Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада тазалық талаптарын бұзғандарға жауапкершілік ескертілді

29.09.2026, 11:18 53

Қызылордада полиция қызметкерлері тұрғындармен кездесіп, қоғамдық орындарды ластау мен қоқысты белгіленбеген жерге тастаған жағдайда заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Кездесу «Таза Қазақстан» бастамасы аясында өтті.

№11 учаскелік полиция пунктіне қарасты аумақта ұйымдастырылған жиынға Қызылорда облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ердаулет Жаукеев бастаған қызметкерлер қатысты.

Полицейлер тұрғындарға тұрмыстық қалдықтарды рұқсат етілмеген орындарға тастамау, қоғамдық орындар мен аулаларды таза ұстау, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау талаптарын түсіндірді. Сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіретін әрекеттерге жол бермеу жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Кездесуде тазалық пен абаттандыру талаптарын бұзған азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғаны айтылды. Полиция өкілдері мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алуға басымдық берілетінін жеткізді.

Тұрғындар да аумақтың тазалығы мен қоғамдық тәртіпке қатысты мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын айтты. Полиция қызметкерлері қойылған сұрақтарға құқықтық тұрғыда түсініктеме берді.

«Таза Қазақстан» аясындағы түсіндіру және профилактикалық жұмыстар облыс орталығында жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: