HALYQLINE.KZ «Евразия» СК карантин талаптарын сақтай отырып, өз жұмысын бастады. Əзірге мұнда №4 ОРМБЖМ-нің жүзу жəне триатлон (3 спорт түрінің жиынтығы: жүзу, жүгіру, велоспорт) бөлімшесінің спортшылары жаттығуда.
Тұрғындарға қай кезден бастап қызмет көрсететіні қосымша хабарланады.
Ғанибек НҰРҚОЖА, жүзуден облыстық, қалалық жарыстардың жеңімпазы:
– 50 метр қашықтықты 38,9 секундта жүздім. Карантинге байланысты демалыс болмағанда 33 секундта келетін едім. Енді жаттығу процесін үзбей жасап, өз қалпыма келемін. Алдағы мақсатым – турнирлерде орын алуға тырысамын.
Нұрай ЗИЯТҚЫЗЫ, триатлон бөлімшесінің спортшысы:
– Карантинге байланысты үйде жаттығып жүрдік. Ол бізге аздық етті. Қазір спорт залда жаттығуымызды күшейтіп, жарыстарға тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Алдағы уақытта жақсы нəтижелер болады деп ойлаймын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!