Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Білім саласына бөлінетін қаржы жеткіліксіз

27.05.2020, 17:17 814

HALYQLINE.KZ Жаңа ахуал білім және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отыр. Енді бұл саланың маңызы арта түсетіні анық. Тіпті экономиканың өзі соған тәуелді болмақ. Біз білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқын түсінуіміз керек. Бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асырамыз. Білім саласына бөлінетін қаржы жеткіліксіз, соның салдарынан білім беру сапасы мен мектеп инфрақұрылымы дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда кенжелеп қалған. Қазақстанның мектептері жақсы жабдықталып, сыныптағы оқушылар санының көп болмағаны жөн. Мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша 2025 жылға қарай 650 орындық және одан да көп оқушыға арналған 800 жаңа мектеп,  ауылдардағы тірек мектептер үшін 114 интернат, 700-ден астам спорт залдарын салу жоспарланып отыр.

Қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты қысқарту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,  оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық пен өз-өзіне қол жұмсау проблемасын шешуді тапсырамын. Сонымен қатар білім беру саласындағы басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру керек.

Менің шешімім бойынша 2021 жылдан бастап аудандық білім бөлімдерін басқару және оларды қаржыландыру облыстық деңгейге өтеді. Бұдан бөлек, соңғы уақытта оқу орындарының басшыларын тағайындау тәртібі туралы мәселе жиі қозғалуда. Үкімет балабақша меңгерушілерін, мектептер мен колледждердің директорларын тағайындаудың түсінікті әрі ашық жаңа жүйесін әзірлеуі керек. Директорларды алмастыру және аттестациялау институтын енгізу ісі де басқарудың тиімділігін арттыруға тиіс.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың

Ұлттық қоғамдық сенім кеңеісінің

үшінші отырысында сөйлеген сөзі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: