Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалада 684 спорттық нысан бар

29.10.2024, 18:40 228

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Қайрат Есенгелдиев спорт саласындағы негізгі көрсеткіштерге тоқталып өтті.

Жалпы, қалада тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына арналған 684 спорттық нысан, 225 ойын алаңы бар.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және бұқаралық спортты дамыту мақсатында бөлімге қарасты Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубында спорттың 13 түрінен үйірме жүргізілуде. Аталған үйірмелерде 1396 қала тұрғыны тұрақты негізде спортпен шұғылдануда.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы қатарындағы қала тұрғындарын қолдау мақсатында әр ай сайын аз қамтылған, көпбалалы отбасындағы балаларға және қала жастарын қолжетімді спорт инфрақұрылымымен қамту бойынша «Евразия» (жүзу бассейні), «Мұз айдыны» спорт кешендеріне 17600 адамға жолдама берілген.

Сондай-ақ, жыл басынан бері 45 түрлі деңгейдегі жарысқа 770 спортшы қатыстырылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: