Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Учаске»: Қызылорда облысында 3633 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

09.10.2024, 8:40 62

HALYQLINE.KZ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, осы жылдың 16 қыркүйегінен бастап облыс көлемінде «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – әкімшілік аймақта қылмыс пен құқықбұзушылықты болдырмау, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін көтеру, халық арасындағы сенімін арттыру, тығыз қарым-қатынасты орнату, заңсыз қаруларды анықтау және көші-қондылыққа бақылау жасау.

Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара кезінде 11318 пәтер және 35740 жеке үй араланды. Тексеру барысында облыс көлемінде барлығы 10 пәтер заңсыз жалға ұсынылып жатқандығы анықталып, олар бойынша шешім қабылдау мақсатында құжаттар жинақталып, мемлекеттік кірістер басқармасына ұсыныс жолданды.

Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін 379 азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Үй-жайларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуге жол бергені үшін 12 тұрғынжай иесіне қатысты әкімшілік хаттама ресімделді.

Іс-шара барысында 3633 әкімшілік құқықбұзушылық анықталса, оның 341-і жасөспірімдердің тарапынан жасалуына байланысты ата-аналары жауапқа тартылды.

Ішкі істер органдарына тіркелмеген 16 қару жарақ анықталса, оның 12-сі – тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 1-еуі – травматикалық, 3-еуі – электр қаруы. 4820 қару иесі тексеріліп, азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзғаны үшін 19 қару иесіне әкімшілік хаттама ресімделді. Сонымен бірге қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзудың 7 дерегі анықталып, тиісті шешім қабылданды.

Жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: