Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жапон бапкерінің Парижде еңбегі ақталды

23.09.2024, 12:00 328

Жапония әйелдер құрамасының бас бапкері Канехама Рио Париж олимпидасына алты спортшыны олимпиадаға дайындап, 4 алтын, 2 қола медаль алды. Олар мыналар:

алтын: Акари Фудзинами (53 кг);

алтын: Цугуми Сакурай (57 кг);

алтын: Сакура Мотоки (62 кг);

алтын: Юка Кагами (76 кг);

қола: Юи Сузаки (53 кг);

қола: Нонока Озаки (68 кг).

Былтыр Астанада өткен күрес түрлерінен Азия чемпионатында әйелдер күресінен Жапонияның бас бапкері Канехама Риодан сұхбат алғанмын. Сол кезде бас бапкер: «Жапонияда әйелдер күресі бойынша 300 мың қыз күреспен айналысады» деген. Мен тағы да сұрақ қойдым.

«Дүние жүзі бойынша әйелдер күресінен жапондар бірінші орында емес пе? Неге күреспен айналысатындар аз?»

Сонда К.Рио:

«Өйткені бізде әйелдер күресіне қызығушылық төмен. Көбі дзюдо, таеквондо, баскетбол және т.б. спорт түрлеріне қызығады» деген болатын.

Айбек МҰХАНОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: