Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Абай Бегей, Асхат Тарғындар әнші емес…»

16.09.2024, 10:30 197

Әнші Ақбота Керімбекова Adal Adam Youtube арнасына берген сұхбатында халық кәсіби әнші мен әуесқой әншіні ажырата алмайтын хәлге түскенін айтты.

«Кез келген салада адам бірінші мінезімен сыяды. Өнерде де бұл нәрсе бар. Керемет талантты немесе даусы болмаса да, тіпті бір жасап жатқан дүниесі жоқ болса да мінезімен сыйып, сонымен қадірлі, сыйлы болып жүрген әншілер бар. Мен мұны не үшін айтып жатырмын? Толықтай жеткізейін.

Мысалы, Абай Бегей, Асхаттар (Тарғын), олар көбіне біздің ортамызға мінезімен ұнады. Өз басым ол әншілерді қатты сыйлаймын, құрметтеймін. Артымыздан келе жатқан інілеріміз, ағаларымыз дегендей. Бір сұхбатта маған “Сіз әнші деп есептейсіз бе?” деп сұрақ қойды. Мен біреу үшін жауап бермеймін ғой. Жалпы мен үшін кәсіби әнші деп айта алмаймын деп жауап бердім. Қазір бәрі әнші. Сіз де ән айтқыңыз келсе, әнші боласыз. Кәсіби әнші мен жай әнші деген екі нәрсе. Тыңдарман осы екі деңгейді ажырата алмай қалды. Мен сол тұрғыда айтқан болатынмын. Сол сөзден кейін дау-дамайға қалып, ортада реніш болды. «Әнші емес деп айтты» деп. Жасыратыны жоқ, қазір халық керең емес. Мейлі өз деңгейінде әнші шығар, өзінің тыңдармандары бар әнші болар. Мен оған ештеңе дей алмаймын», – деді әнші Ақбота Керімбекова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: