Коронавирус пандемиясының кесірінен уақытша тоқтатылған футболдан Испания біріншілігі 8 маусымнан бастап қайта жалғасады. Бұл жөнінде Испанияның премьер-министрі Педро Санчес мәлімдеді.
Премьер-министр жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Испания карантин талаптарын жоғары деңгейде сақтағанын, соның арқасында келесі айдан бастап тіршілік қайта жанданатынын хабарлады. Сондай-ақ 8 маусымнан бастап ел біріншілігін өткізуіне рұқсат берілгенін де жанкүйер қауымға жеткізді.
Айта кетейік, Ла Лига ойындары пандемияға байланысты уақытша тоқтатылғанға дейін турнир кестесінде «Барселона» клубы 58 ұпаймен көш басында келеді. Каталония командасынан екі ұпай қалып келе жатқан «Реал» екінші орында. Ал үздік үштікті 47 ұпаймен «Севилья» қорытындылап тұр. Командалар бүгінге дейін 27 тур өткізген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!