Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Азық-түлік тауарларының бағасы бақылауда ма?

24.05.2024, 17:47 533


Қызылорда облысы бойынша азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысына облыстық басқармалармен қатар Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда қаласы және аудан әкімдерінің салаға жетекшілік ететін орынбасарлары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға мониторингі, тұрақтандыру қорының өнімдері және ӘМАТ бағаларын мемлекеттік бақылау мәселелері қаралып, Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Е.Ж.Сүлейменов ӘМАТ бағаларын мемлекеттік бақылаудың жұмыс алгоритмін кеңінен түсіндірді.

Мәжіліс қорытындысымен маусымаралық кезеңде көкөністер бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар хаттамалық тапсырмалар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: