Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сапалы ауызсу – ел тұрмысының сапасы

02.10.2026, 7:00 25

HALYQLINE.KZ

Тіршілік нәріне айналған сапалы ауызсумен қамту – халықтың тұрмыс сапасын арттырып, саламатты өмір сүруіне жағдай жасайтын маңызды бағыттардың бірі.

Өткен жылы Арал ауданында бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды. Жалпы құны 12,8 млрд теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге асырылып, елді мекендерге 318 шақырым ауызсу желісі тартылды.

Нәтижесінде Ақбасты, Тоқабай, Ерімбетжаға және Тастүбек елді мекендері толықтай орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды. Бұл – ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты жұмыстардың нәтижесі.

Аталған жұмыстар биыл да жүйелі түрде жалғасып, Абай елді мекеніне 138,6 шақырым ауызсу желісі тартылып, сапалы ауызсу жеткізілді.

Елді мекендерді таза ауызсумен қамту – халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі көрсеткіштерінің бірі.

Сапалы су – саламатты өмір, сапалы инфрақұрылым – жайлы тұрмыс. Ал ел игілігіне бағытталған әрбір жоба – ауылдың ертеңіне жасалған инвестиция.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: