Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шымкентте кәмелетке толмаған қыздардан интимдік сурет талап еткен ер адам ұсталды

02.10.2026, 11:30 58

Шымкент қаласының полицейлері кәмелетке толмаған балаға қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды анықтап, тұтқындады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам интернет-мессенджерлер арқылы өзін 14 жасар өспірім ретінде таныстырып, 10 мен 12 жас аралығындағы балалармен танысқан. Ол олардың сеніміне кіріп, желідегі қарым-қатынасты ары қарай жалғастырып отырған.

«Анықталған эпизодтардың бірінде күдікті ойын платформасы арқылы кішкентай қызбен танысып, кейін оның телефон нөмірін алып, WhatsApp арқылы хат жазысқан. Ол әртүрлі сылтаулар айтып, баладан интимдік сипаттағы фотосуреттер мен видеоларды жіберуді сұраған», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, өз кінәсін толық мойындады.

Қазіргі таңда ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ полиция қызметкерлері ер адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: