Ақымақ сүйкімсіз болуы мүмкін емес. Ақымақ деген қоғамдық құбылыс қой. Ақымақтар болмаса, әлемнің сипаты бүтін болмас еді. Ақымақ – ең алдымен өз дәуірінің мазмұнын анық көрсетуші. Ақылды заманның алдына түсуі ықтимал, заманнан шет қалуы мүмкін. Ақымақтар ондай бола алмайды. Ақымақтың әлемі әлеміш, алуан түске боялған. Шетелдік ақымақ – ол біздің отандық ақымақтан мүлде бөлек. Ғылымда жүрген ақымақ әкімшілікте жүрген ақымаққа ұқсамайды. Біздің ақымақ – таң-тамаша қалдыратын ақымақ қой! Мықты! Сенімді! Ол тағында саңырауқұлақ секілді мығым отыр. Маңына жолап көр! Ақылды қателесуі мүмкін. Ақымақ ешқашан қателеспейді!
@БаходирИбрагимов,
х/ф Девять дней одного года
Аударған Шынар ӘБІЛДА
Фото: ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!