2024 жылы 17 мамыр күні Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен SANA FOUNDATION қоғамдық қоры арасында бірлескен меморандумға қол қойылды.
Кездесуде кәсіпкерлік саласында қазақ тілінің мәртебесін арттырудың жолдары мен қолдану аясын кеңейту жобалары талқыланды.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы – 1989 жылдан бері ҚР Ата заңы (Конституциясы), Тіл туралы Заңы, өзінің Жарғысы және Халықаралық нормалар негізінде қызмет жасайтын ұйым. Омбы, Орынбор, Астрахань, Қорған, Санкт-Петербург, Саратов, Волгоград қаласында, Моңғолия, Түркия, т.б. қалаларда бөлімшелері бар.
Меморандумға тұңғыш қазақ тіліндегі экономикалық-бизнес форумын ұйымдастырған, кәсіпкерлік ағартушылықпен айналыса отырып, зияткерлік, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын SANA FOUNDATION атынан белгілі экономист, тәуелсіз сарапшы Мақсат Халық келді.
Іскерлік этика мен кәсіпкерлік кодты қалыптастыруды мақсат еткен келісім бірлескен іс-шаралар, семинарлар мен форумдар өткізуге, бизнес әдебиет пен материалдарды көбейтуге, қазақ тілінде сапалы медиа және онлайн контентті дамытуға жалғаспақ. Сондай-ақ, кәсіпкерлік жауапкершілік негізінде зияткерлікті қалыптастыру мен ағартушылықты трендке айналдыру мақсатында әлеуметтік жобалар легі жоспарланды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!