Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 40 жыл бұрын ұрланған тапанша Ақмола облысынан табылды

19.03.2024, 8:25 174

HALYQLINE.KZ

Осыдан 40 жыл бұрын Қызылордада ұрланған тапанша Ақмола облысынан табылды. Наган үлгісіндегі тапанша оңтүстіктен қалай жеткенін полиция тексеріп жатыр. Бір ғасырдан аса уақыт өтсе де, қару қолдануға жарамды болып шықты. Бұл туралы ktk.kz тілшісі Айзат Тұрғынбекқызы хабарлады.

Тапаншаны полиция Қосшы қаласы маңынан әлдекімдердің жасырған жерінен тапқан. Револьвер 1914 жылы зауыттан шыққан. Бірақ тіркеу нөмірі жартылай өшірілген. Мамандар қаруды бірнеше ай бойы сараптамадан өткізіпті. Тіпті бөлшектеп, әр тетігін мұқият тексерген. Сол арқылы тіркеу нөмірін қалпына келтіріп, тапанша ішкі істер министрлігінің базасында 40 жыл бұрын Қызылордада қолды болғаны анықталған. Қазір тапаншаның қандай да бір қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.

– Зауытта салынған нөмірін қалпына келтірдік. 1981 жылдан бері жоғалған қару есебінде болған. Қолданысқа жарамды ма. жоқ па, оны да тексердік. Оқ атып көрдік. Сондықтан наган үлгісіндегі тапанша бұған дейін қылмыстарға қатысы бар ма, жоқ па, оны полиция алдағы уақытта анықтайды, – дейді Ақмола облысы ПД басқармасының бас криминалисі Аян Имағанбетов.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: