Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бірдеңе жібергені несі?

28.02.2024, 12:10 266

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі  сатира

Интернетті ашып қалсаң,

Бір түймесін басып қалсаң,

Өздерінше, комедия,

Бір жігіт қасыңа отырып кетеді.

«Тыррық!» деп «ошырып» кетеді…

Жұрт әзіл деп біліп кетеді,

Беттерін басып, күліп кетеді…

Ана жерде де «тырррқ»,

Мына жерде де «тыррық»,

Сол бір тұста «шииқ»,

Тағы бірде «қииқ».

Не деген көргенсіз,

Демеңіз мені,

Күлкіден өлгенсіз?

Біздің елде тырқылдатса,

Немесе, бырқылдатса,

Жаман, жақсыны айырады,

Қолын қайырады,

Көзін шұқып алады,

Желкеден нұқып алды,

Немесе, теуіп кетеді,

Үстіне әдемілеп,

Кірәлин сеуіп кетеді,

Қасқырдай ұлып алады,

Шашын жұлып алады,

«Көргенсіз, ит» дейді,

«Жабысқақ, бит» дейді,

«Жынды маа?» дейді.

«Осымен тынды маа?» дейді.

Мұнымен айтпағым,

Менің де жоқ, қайтпағым,

Жел жіберу де күлкі ме?

Өзі қалды, күлкіге,

Соны жастар қарайды,

«Қанша рет нетті? деп,

Қайта-қайта санайды,

Осымен сөзім тамам,

Жарайды, жарайды!

Болайықшы, аман!

Мұхтар  ШЕРІМ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: