Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында түйенің бағасы 1,5 миллион теңгеден асып жығылады

23.02.2024, 17:30 375

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысында 40-қа жуық түйе шаруашылығы болса, оларда 63 мың түйе бар. Бұл – республикадағы үшінші жоғары көрсеткіш. kzvesti.kz сайтының жазуынша, бір түйенің бағасы 1,5 миллион теңгеге жетеді, малдың тұқымына қарай одан да жоғары болуы мүмкін. Ең қымбаты – аруана. Түйе күніне 7 литр сүт береді.

Жергілікті шаруалардың айтуынша, түйе шаруашылығы өте тиімді. Түйе жайылымды жерде жүреді, етті келеді, бір малдың салмағы жасына қарай 500-800 кило тартады. Олар Қызылорданың ыстығы мен суығына оңай шыдайды. Жүні табиғи әрі жылы, оның сүті сиыр сүтіне қарағанда құнарлы. Тағамдық қасиетіне байланысты осы сүттен жасалған ашытылған сүт өнімдері де (шұбат, т.б.) бағаланады.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: