Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс прокуроры түзеу мекемелерінің ахуалымен танысты

22.02.2024, 15:50 195

HALYQLINE.KZ

Прокуратура органдарымен түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың құқықтарының бұзылмауын алдын алу және жаза өтеу жағдайларын жақсарту бағытында үнемі тиісті шаралар қабылдануда.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін бейнекамералармен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, облыс аумағындағы үш мекемедегі «соқыр» аймақтар толығымен жойылды.

Қазіргі уақытта осы үш мекемеге 1300-ден астам бейнекамера орнатылып, олар прокуратура органдарынан тікелей бақыланады.

Сотты болғандардың арыз-шағымдарын жолдауда кедергілерді болдырмау үшін мекемелерге барлығы 11 терминал орнатылған.

Облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлыжұмыс сапары аясында облыстың түзеу мекемелеріне барып, сотталғандарды ұстау тәртібімен және шарттарымен, сондай-ақ медициналық бөлімге, кітапханаға, мекеме клубына, асханаға барып, сотталғандардың тамақтану сапасымен танысты.

Сапар барысында облыс прокуроры сотталғандармен әңгімелесіп, жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: