Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Cәбиге есек сүтін беруге бола ма?

07.11.2023, 8:45 345

HALYQLINE.KZ

Мағжан Жұмабаев қазақтың ұлы ақыны болуымен қатар, «Педагогика» атты ғылыми еңбек жазған болатын. Көзі тірісінде бұл кітап үлкен сұранысқа байланысты, екі рет 1922 жылы Орынборда, 1925 жылы Ташкентте жарық көрген. Үшінші рет ақын ақталғаннан кейін барып 1992 жылы Алматыда қайта басылып шықты. Осы кітаптың 25-бетіндегі «Бала тамағы» тақырыбында: «Бастапқы кезде балаға ең дұрыс тамақ – ананың сүті. Бірақ емізуге мүмкіндігі болмағанда, қолдан асырағанда балаға ең лайықты тамақ – есек сүті мен ешкі сүті. Бұл екеуі болмаған күнде сиыр сүті» деген сөзді оқығанда таң қалдым. Қазақтар есекті харам деп есептеп етін де жемейді, тек жұмысқа ғана пайдаланған. Ол туралы мақал да бар: «Есектің еңбегі адал болғанмен, еті арам» деген.

Бақытжан  Абдуллаұлы,

тарихшы

Сурет  ашық  дерекөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: