Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Брежнев пен Гагарин неге сөзге келіп қалды?

31.10.2023, 8:35 336

HALYQLINE.KZ

Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагаринге Совет Одағының Батыры атағымен қоса үкімет 15000 сом мен 4 бөлмелі пәтерді жиһазымен және «Волга» автокөлігін (номері 78-78 МОД) сыйға тартты. Гагарин 30-дан астам капиталистік ел халқымен кездесті. Сол жылдары Гагарин мен «Битлз» тобы дүниежүзі бойынша осындай турне жасаған болатын. Капиталистік елдерде болған кезде Гагарин ол жақтағы қарапайым шаруалардың жақсы тұратынын көзімен көріп, көңілі құлазып қайтатын. Себебі өзінің туған деревнясындағы шаруалар қолмен орған шөбін ат арбамен тасып жүргенде, ол жақтағы фермадағы шаруалар жекеменшігіндегі 2-3 аттың күші бар шағын трактормен шөбін орып әрі тасып алатын.

КПСС-тің кезекті Пленумында «СССР халықтарының әл-ауқаты жылдан-жылға жақсарып келеді» деп, статистикалық мәліметтерді келтіргеніне Брежневке жыны келетін. Сол кездегі Москва қалалық партия ұйымының бірінші хатшысы Егорычевтің көзінше Брежневке: «Сіздің жасаған баяндамаңыздағы мәліметтер шындыққа келмейді» дегенде, Брежнев: «Біз сізден елге үлгі болар батыр жасадық, аузыңыздан шығатын сөзге ие болыңыз» деп жауап қайтарады. Гагарин шаруа отбасынан шыққандықтан еңбекқор болуымен қатар өте қарапайы және сөзді тіке айтып үйренген болатын. Осыдан кейін тұңғыш ғарышкерге сенімсіздікпен қараған орган оның әр сөзін бақылау үшін тыңдағыш қондырғылар орнатқан көрінеді.

1968 жылы 27 наурызда Ю.Гагарин МИГ ұшағымен апатқа ұшырап қаза тапқанда, халық: «Брежнев Гагаринді жындыхана күштеп жатқызған соң, сол жақта өліпті» деген әңгіме шыққаны естеріңізде шығар.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Сурет  ашық дерекөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: