Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент: «Коронавируспен күреске 6 трлн теңге ақша бөлінді»

05.05.2020, 17:00 475

HALYQLINE.KZ –| Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күреске қанша ақша бөлінгенін айтты. Президент бұл бұрын-соңды болмаған, шұғыл әрекет етуді қажет еткен шаралар екенін баса атап өтті.

Қазақстан пандемияның екпінін азайту үшін қандай шаралар қабылдап жатқандығы туралы Президент ТАСС бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусманға берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

Президенттің айтуынша, бұл бағыттағы шараларға мемлекет 5 жарым, тіпті шамамен 6 трлн теңге жұмсаған.

Жалпы, біз қабылдаған шараларға мемлекет бес жарым, тіпті шамамен 6 триллион теңге шығындады – бұл 13 миллиард доллар немесе жалпы ішкі өнімнің 8 пайыздан астам көлемі. Яғни, тағы қайталап айтамын, бұл бұрын-соңды болмаған, шұғыл әрекет етуді қажет еткен шаралар.

Бұл шараларды мақсатты түрде қолға алдық, әрине, ертең сын-ескертпелер болуы мүмкін, мәселен ақшаны желге шашты дегендей. Бірақ мен, ең алдымен, бұл жағдайда біздің азаматтарымыздың өмірі мен әл-ауқаты үшін аянбай күресуіміз керек деп санаймын, – деді ол.

Сонымен қатар, Тоқаев халық жоқта экономиканың да болмайтынын баса атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: