Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аппарат мәжілісінде бірқатар маңызды мәселе қаралды

21.10.2026, 8:40 22

HALYQLINE.KZ

Кеше Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселе қаралды. Алдымен мерзімді күзгі әскерге шақыру науқаны бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланды. Бұл мәселе бойынша Шиелі аудандық қорғаныс істері бөлімі бастығының орынбасары, майор Бағдат Сағатұлы баяндама жасап, күзгі әскерге шақыру науқанының орындалу барысы, әскерге шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу және белгіленген міндеттердің жүзеге асырылуы туралы мәлімет берді.

Сонымен қатар жиында Қызылорда облысында өтетін «Алтын күз – 2026» мерекелік іс-шарасы аясында ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі талқыланды. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков 23-24 қазан күндері Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінің орталық алаңында өтетін «Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне» дайындық барысы туралы баяндады.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аруна Әзімхан Шиелі ауданының «Алтын күз – 2026» мерекесін 30-31 қазан күндері жоғары деңгейде өткізуге арналған іс-шаралар жоспарын таныстырды. Мерекелік бағдарламаның мазмұны, мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру, дайындық жұмыстарын үйлестіру және мерекенің мазмұнды өтуін қамтамасыз ету бағыттары сөз болды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Айтбай Жандарбеков күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, күзгі әскерге шақыру науқанын белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне дайындық жұмыстарын сапалы жүргізу және «Алтын күз – 2026» мерекесін жоғары деңгейде өткізу қажеттігін атап өтті.

Аудан басшысы берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, жауапты мекемелер арасындағы өзара үйлесімді жұмысты күшейтуді және әрбір мәселенің орындалу барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: