Құрметті ағайын! Қадірлі ұстаздар мен оқушылар!
Сіздерді Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
Адамзат баласын өркениетке жеткізетін, ой-сана биігіне шығаратын білім екені белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы.
Жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті» деп атап өтіп, саланың басты бағытын айқындап берді. Президентіміз бен Үкіметтің қолдауы арқасында Сыр өңірінде жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі болып жетілуі үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жайлы да еңселі балабақша, мектеп, қосымша білім беру мекемелерінің ғимараттары бой көтеріп, үш ауысыммен оқу мәселесі шешілді. Оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылды. Балалар мектепке қатынау үшін арнайы жабдықталған автобустар жолға шықты.
Бүгін облыс бойынша 180 мыңнан астам оқушы алтын ұяларына тағы бір белесті бағындыру үшін оралды, 17 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, «»Әліппені» қолға алды. Оларды білім нәрімен сусындататын ұстаздары, қанатын қатайтып, жол көрсететін мектебі күтуде. Мереке күні білім саласының барша қызметкерлеріне еңбектеріңіз жемісті болсын деп тілектестігімді білдіремін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, жас ұрпақ, шәкірттер зейінді болсын!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!