Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

КӨКТЕМНІҢ 17 СӘТІНЕ – 50 ЖЫЛ

15.08.2023, 10:15 322

HALYQLINE.KZ

(Штилиц туралы кинодағы әйелдерге Штрихт).

1973 жылдың 11 тамызында Совет теледидарында «Көктемнің 17 сәті фильмінің 1-ші сериясы көрсетілді. Бұл фильм туралы барлықтарыңыз білесіздер, мен тек Штирилицтің төңірегіндегі әйелдер туралы айтамын.

Фильм режиссері Татьяна Лиознова совет барлаушысының адами келбетін, ең алдымен еркек болғасын, табиғат заңынан асып кетпейтінін көрсеткісі келіп, фильм басында Штирилиц көгалда шалқасынан жатырғанын, қасындағы жас неміс келіншегі Габи гүл теріп жүргенін көрсеткісі келгенде, совет цензурасы қарсы болып, совет елінде барлаушының әйелі барын алға тартып, ол совет барлаушысының моральдық жағына нұсқан келеді деп рұқсат бермеді. Сосын барып фильм басы жас Габидің орнына «кабак» қожайыны кәрі фрау Заурих (актриса Эмилия Мильтон) екеуі орманда гүл теріп жүрген жерінен басталады.

Фрау Заурих кемпір совет барлаушысына үзген гүлін искетіп тұрып: – Сіз қалай ойлайсыз Бользен мырза, осы маусымнан аяғымдағы мына ботимен шыға аламын ба?-деп сұрауы да сәтті шықты, соғыстың соңы ботинканың да тозығы жеткендей, немістердің де соғыстан қажып азып-тозып кеткенің білдіріп тұр. Лиозноваға жас неміс келіншегі Габи Набельмен Штирлицті төсекке жатқыза алмағанымен екеуінің көзбен бір-бірін ішіп жеуін сәтті түсірген. Габи Штирлицтен: -Менімен шахмат ойнайсыз ба? – дегенде Штирлиц:- Сіз шахматшы ретінде мені қызықтырмайсыз!-деп жауап қайтаруы совет цензорларына бәрібір астыртын соққы берді, 40-45 жастағы ер адам әйелсіз тұра алмайтының бәрібір айтып өтті-ау, Лиознова не деген қу әйел еді!

Габи Набельді актриса Светлана Светличная ойнаған еді, оның «Бриллиантты қол» фильміндегі жеңіл жүрісті әйелдің: «Не-ви-но-ва-та я, он сам пришел» деп тағы да бір айқайлағанындай мүмкін тағы бір айқайлағысы келген шығар. Себебі тракторист Матвейді, Андрей Болконскийді, мұғалім Мельниковты ойнаған актер Тихновқа бүкіл совет әйелдері ғашық болатын. Фильмдегі үшінші әйел ол Штирлицтің еліндегі әйелі (актриса Элеонора Шашкова) «Элефант» кафесіндегі екеуінің кездесуі, сазгер М.Таравердиевтің 8 минуттық музыкасының  5,5 минуты ерлі зайыпты Исаевтардың екеуінің көзбен арбасып қарауы талай әйелдердің көз жасын көл қылды, неше елдің шекарасынан асып келгенде күйеуімен бес минут қана дидарын көріп қайтуы әрине аянышты жағдай, барлаушылардың маңдайына жазғаны сол болса не қылсың. Төртінші әйел ол совет резидентімен «Түнгі шаңғышылар» кафе-барда  кездесуге келгенде мас математик жезөкше әйел кедергі келтіріп: «біздер математиктерді құрғақтар дейді. Жалған! Махаббатта  мен-Эйнштейнмін. Мен сенімен болғым келеді» дегенде:

«Далаға барып бір-екі формуланы ойластыра тұр, мен барамын»-дегенде: «Алдап кетпейсің бе? Ант бер»-дегенде: «арам қатып қалайын (чтоб я сдох)-деп құтылады. Бұл әйелді актриса Инна Ульянова шебер сомдаған болатын.

Бесінші гестапошы әйел Барбара, бұл ролді актриса Ольга Сошникова да беріліп ойнағаны соншалық, көшедегі мас адам: «сен неге аязда сәбиді азаптайсың?» деп ұрмақшы да болған еді. қатыгез қатын Барбара да Штирлицке кет әрі емес еді. Соңғы әйел ол ерлі зайыпты барлаушылар Эвин ( Николай Волков) мен Кэтрин Кэт радист  Катя Козлова (Екатерина Градова). Босанатын күні жақындаған кезде уайымдаған Исаев  Катяға:

-Әйелдер босанғанда өзінің ана тілінде айқайлатының білдім. Сен босанғанда резандық диалектпен «мамочка» деп айқалауын мүмкін деуі, «нацистік партияның жауларына ымырасыз» деп мінездемесінде көсетілген СС-тің штандартенфюрері Макс Отто фон Штилицтің аузынан естілуі, оның ет пен сүйектен жаралғандығын көрсетіп тұр емес пе?

(фото ашық  дерек көзінен алынды)

Бақытжан Абдул-Түменбай тарихшы,

журналист-дайджест

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: