Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төбет пен тазыны қорғайық

09.08.2023, 11:15 247

Қазіргі таңда тазы мен төбет тұқымын сақтаудағы мәселенің бірі-санын көбейту болып отыр. Осы орайда, биылғы жылдың басында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заң жобасында қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері белгіленіп, уәкілетті органның құзыреті бекітілген.
Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайтуды қамтамасыз ету мақсатында иттердің ұлттық тұқымдарының Ұлттық орталығы құрылады.

Ұлттық орталықтың құзыретіне мыналар кіреді:

иттердің ұлттық тұқымдарының асыл тұқымымен жұмыс істеу бойынша сарапшылар мен мамандарды кинологиялық қызметке оқыту жөніндегі жүйелі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;

асыл тұқымды иттерді іріктеу және таңдау, олардың жұмыс істеу қасиеттерін сақтай отырып, иттердің ұлттық тұқымдарын өсіру;

кинологиялық қызметтің әртүрлі мәселелері бойынша уәкілетті органға – стандарттар, сынақтар, жарыстар, көрмелер, байқаулар, кешенді бағалау қағидалары, иттердің ұлттық тұқымдарының бірыңғай тұқым-тегі кітаптарын жүргізу, асыл тұқымды ит куәліктерін беру туралы ұсыныстар енгізу;

түрлі дәрежедегі, оның ішінде халықаралық дәрежедегі сынақтарды, көрмелерді, байқауларды, жарыстарды ұйымдастыру және өткізу.

Мемлекеттік қолдау қазақы ит тұқымдарын, соның ішінде Ұлттық орталықты сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті қаржыландыру жолымен жүзеге асырылады. Осы салада жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктер осы бағыттағы қызметті ілгерілетуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алады.

Тарихта тазылар қазақ даласына шамамен 2000-2500 жыл бұрын келген деп көрсетіліпті. Содан бастап, төбедей орны бар тазының құны бір төмендемепті. Сондай-ақ, оны ұзатылған қыздың жасауына берген. Тіпті тазы қалың малға теңестірілген кезең де болыпты. Болыстар сайлауға түскенде олардың тазы баптай алатын қасиеті де ерекше сарапқа салынған. Өткен ғасырда қазақтың бай манаптары тазыны жеке киіз үй тігіп баптаған екен.

Тазы мен төбет – біздің ұлттық құндылығымыз. Сол себепті бірге қорғайық!

Р.БУРАБАЕВ,

«Қызылорда облыстық орман шаруашылығы

және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-нің

бөлімінің басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: