Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақорда Құранды өртеу акциясын айыптады

27.07.2023, 12:25 231

HALYQLINE.KZ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Еуропаның бірқатар мемлекетінде болған Құранды өртеу актілерін қазіргі әлемдегі жағдайды шиеленістіруге, халықтар мен мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталған арандатушылық әрекет деп санайды. Бұл туралы akorda.kz хабарлайды.

– Қазақстан – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізуге бастамашы болған мемлекет. Бұл форум дәстүрлі діндер мен конфессиялардың көрнекті өкілдері арасындағы тиімді әрі табысты диалог алаңына айналды.

Президенттің пікірінше, жиілеп кеткен діни вандализм мен аталған елдер азаматтарының жауапсыз әрекеті мемлекеттер мен діндердің бейбіт қатар өмір сүруіне кері әсерін тигізеді. Бұл жалпыға ортақ нормаларға қайшы келетін акциялар ретінде бірауыздан айыпталуға тиіс.

БҰҰ Бас Ассамблеясы да бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын білдіруі керек, – делінген хабарламада.

Данияда екі демонстрант 24 шілдеде Ирактың елшілігі алдында мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранды өртеді. Оның алдында да осындай акция болған. Бұл көріністі мұсылман елдері айыптады.

Осыған дейін Швецияда Құранды өртеген акция болып, мұсылман елдерінде наразылық туғызған. БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесі 12 шілдеде діни жек көрушілік туралы даулы резолюцияны қабылдаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: