Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ресейлік спортшылар Олимпиада жолдамасына таласады

10.07.2023, 11:11 272

 HALYQLINE.KZ

Inside The Games-тің хабарауынша, қыркүйектің 23-і мен қазанның 8-і аралығында  Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарына Ресей және Беларусь елінің 500-ге тарта спортшысы қатысады. 

Ресей әскерінің Украина жеріне басып кіруі бұл елдің спортшыларына кері әсер еткені белгілі. FIFA мен UEFA қауымдастығы Ресейдің ұлттық құрамасы мен командалық жарыстан өтететін барлық халықаралық ресми турнирге қатысу құқығын шектеді. Ал басқа спорт түрлері бойынша (төменде – авт.) спортшылар бейтарап ту астына өнер көрсете бастады. Ресейдің агрессиясына қолдау білдірген Беларусь спортшылары да ресейлік спортшылардың күйін кешкен. Бұл тәртіпті Ресей азаматы басқаратын IBA (бұрынғы АИБА) Ташкентте өткен әлем чемпионатында бұзып, алдағы уақытта бокстың Олимпиада ойындарынан алынып қалу қаупін күшейткен болатын.

Енді Ресей мен Беларусь спортшылары Азия ойындарына қатысу арқылы Олимпиада ойындарына жолдама алу құқығына ие болатын болды. Бірақ, спортшылар елдерінің ешқандай ұлттық белгілерін қолданбай, бейтарап ту астында қатысуы керек. Олар сонымен бірге жеңген күннің өзінде жарыс медалін ала алмайды. Бұл әзірге тек 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік береді.

Биыл наурыз айында халықаралық олимпиада комитеті Ресей және Беларусь спортшыларына қатысты ұсынысын шығарған:

– Ресей және Беларусь спортшылары тек ұлттық рәміздерді қолданбай жеке жарыстарға қатыса алады;

– Спортшылар Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын қолдамауы тиіс;

– Бұл спортшылар әскери немесе қауіпсіздік қызметкерлері болмауы тиіс.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: