ХІХ-ХХ ғасыр басына дейін адам аяғы баспаған, өркениеттен оқшау өмір сүрген тайпалар үшін адам етін жеу қалыпты жағдай еді. Сондай Фиджи тайпасы Британ империясына қарасты Вити-Леву аралында мекендейтін. 1849 жылы миссионер Ричард Лит осы аралда болғанда канибализмнің сұмдық дәрежеде кең етек алғанының куәсі болып, фотоға түсіріп қайтты. Фиджи тайпасының көсемі Рату Унрэ өз өмірінде 872 адамның етін жеген көрінеді, ал баласы Унреннің айтуынша, әкесі 999 адамның етін жеген екен. Бірақ Гиннестің рекордтар кітабында 872 адам жеген деп жазылған екен. Ол не қылған адамдар десеңіздер, аралда жауласып жүрген басқа да тайпалармен соғысқанда өлтірілген жауларының еттері екен. Тайпа көсемінің ең жақсы көретін тамағы жауының асып әкелген басын сүйсініп жейді екен.
Ашық дереккөзінен алынған фотода: тайпа көсемі Рату Унрэ мен оның сарбаздары өлтірген жауларын жинап жатыр.
Бақытжан Түменбай,
тарихшы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!