Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тырналар неге үшбұрыш жасап ұшады?

01.07.2023, 8:30 861

HALYQLINE.KZ Ауылда жүрген кездеріңізде көктем мезгілінде тырналардың тізіліп ұшып бара жатқанын талай байқаған шығарсыздар. Олар келген кезде күн жылынады деп балалар айқайлай жөнелетін. Алайда, сол кезде тырналар неге ұшбұрыш жасап ұшады деп ойлаған жоқпыз. Бұл ұзақ уақыт адамдарды таң қалдырғаны рас. Себебі, тізілген тырналардың біреуі ең алдында жол көрсетіп, сосын үшбұрыш жасап ұшып бара жатады.

Құстардың үш бұрыш жасап ұшуын алғаш рет өткен ғасырдың басында орыс ғалымы Василий Шулейкин байқап, оны зерттеуге кіріскен. Физик Қара теңіз жағасында отырғанда су үстінен үш бұрышты трапеция жасаған тырналарға таңырқап қараған екен. Кейін ғалымның құстардың ұшу заңдылықтарын ұзақ уақыт зерттеуінің нәтижесінде тырналардың үшбұрышпен ұшуының шешімі табылды. Ендеше, олар неге үшбұрыш жасайды?

Егер құстар бір-біріне жақын ұшса ауа толқындары артқы құсты итереді. Сондықтан тырналар ұшқан кезде ұшуына ауа толқындары кедергі келтірмес үшін текпішек жасап ұшады. Үшбұрыш сынды фигура осыдан пайда болады. Үшбұрыштың ең шетіндегі құс белгілі уақыттан кейін шаршаса ауысып отырады. Тіпті, ғалымдар қазіргі алысқа ұшатын әскери әуе ұшақтарының өзі осылай үшбұрыш жасап ұшса жанармайды 20 пайызға дейін үнемдейтіндігін дәлелдеді. Сол үшін де бүгінде реактивті зымырандар тырналар тәрізді тізіліп ұшады. Олар оның тиімді екенін біледі. Ал, үш бұрыш жасап ұшудың тиімділігін тырналар қайдан білді десеңізші…

Айбол Карашев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: