Бүгін Қызылорда қаласы «Арай» шағын ауданындағы қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арнап орнатылған ескерткіш басында тарих қатпарындағы қасіретті кезеңді еске алу іс-шарасы өтті. Елімізде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Сыр жұртшылығы атынан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев зиялы қауым өкілдерімен бірге нәубетке ұшыраған боздақтар рухына тағзым етті.
Іс-шарада зиялы қауым өкілдері, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық жұмысшы топ өкілдері және тарихшы-ғалымдар, қала тұрғындары ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Мұнан кейін аймақ басшысы «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде құрбандардың рухына құран бағыштады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!