Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жайлаудағы ауыл келіні» байқауы өтті

16.05.2023, 16:45 164

HALYQLINE.KZ 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Жайлаудағы ауыл келіні – 2023» атты келіндер байқауы өтті. «Жеңіс» саябағының ауласында өткен дәстүрлі байқауға Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов арнайы барып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Әйтеке би кенті мен ауылдық округтерден қатысқан 8 келін байқаудың 5 шарты бойынша өнер көрсетті. Яғни, олар «Мен қазақпын», «Қамыр жаю», «Ана көрген тон пішер» және «Нан жабу» секілді кезеңдерден өтіп, салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап берді. Шара соңында қазылар алқасының шешіміне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы «Алғыс хатпен» марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, қалған қатысушы келіндерге де түрлі номинациялар үйлестірілді. Айта кетейік, аталған байқау жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: