Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Гүлмира Сатыбалдының мүлкі тәркіленбейді – Судья Имашев

04.05.2023, 11:38 400

HALYQLINE.KZ  4 мамырда Астанада кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты үкім шықты. Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімін судья Кемеңгер Имашев оқыды.

«Сатыбалды Гүлмира Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабының 4-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сатыбалды Гүлмира Қылмыстық кодекстің 28-баптың 3-бөлігімен және 125-бабының 2-бөлігінің 1.8-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3-бөлігі негізінде аса ауыр емес жазаны қолдану арқылы, мүлкін тәркілеусіз 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Соңында Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды», – деді Кемеңгер Имашев.

Сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінің 49-бабы негізінде мемлекет басшысына мемлекеттік награда – «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізу ұсынылды.

Кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды 2022 жылы 16 наурызда ұсталған. Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеді.

2023 жылдың 11 қаңтарында Гүлмира Сатыбалдыға адам ұрлады және озбырлық жасады деген айып тағылғаны белгілі болды. Тергеушілердің айтуынша, ол сусын шығаратын ірі компаниялардың акцияларын тартып алмақ болған. Екі кәсіпкер бизнесті рейдерлік жолмен басып алғанын хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 6 миллиард теңгеден асады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: