Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак ресейліктермен тұтқын алмасу нәтижесінде 130 украин азаматын қайтарғанын хабарлады.
«Пасхалық тұтқын алмасу. 130 адамымызды қайтарып жатырмыз. Ол бірнеше кезеңнен тұрды. Әскери қызметкерлер, шекарашылар, ұлттық гвардияшылар, теңізшілер… Қатардағы жауынгерлер, сержанттар, Бахмут, Соледар, Запорожье, Херсон бағытында тұтқынға түскендер. Біздің адамдарымыз үйге оралып жатыр» деп жазды Андрей Ермак жексенбі күні Телеграм-арнасында.
Бұған дейін екі жақ 7 наурызда тұтқын алмасып, Украинаға 130 адам оралған. Киев сол кезде оралғандардың көбінде ауыр жарақат болғанын айтқан. Ресей қорғаныс министрлігі наурыз басында 90 әскери қызметкер қайтарылғанын хабарлаған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!