Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

25 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін

24.04.2020, 12:21 1607

HALYQLINE.KZ – «COVID-19» пандемиясы бүкіл әлемге экономикалық «апат» әкелгендей. Халықаралық еңбек ұйымы ең көп зардап шеккен кейбір салаларға назар аударып, дағдарыстың салдарын жеңілдетуге арналған тәжірибелік қадамдар ұсынды. Болжам бойынша, 2020 жылдың екінші тоқсанында «COVID-19» пандемиясымен байланысты дағдарыс әлемдік жұмыс уақытының 6,7 пайызға қысқаруына әкеледі, бұл өз кезегінде 195 миллион жұмысшының толық жұмыс уақытына тең.

Бүгінде Араб елдерінде толық уақытпен жұмыс істейтіндер 5 млн, Еуропада 12 млн және Азия-Тынық мұхиты аймағында 125 млн адамды құрайды. Табысы жоғары елдерде карантинге байланысты шығын да көп болуы мүмкін. Өйткені халықаралық сарапшылар коронавирустан кейін болатын дағдарыс сілкінісін 2008-09 жылдардағы қаржылық дағдарыстың салдарларынан әлдеқайда жоғары болатынына сеніп отыр. «2020 жылы әлемдік жұмыссыздық деңгейі іс-шаралар мен саясаттың одан әрі дамуына тікелей байланысты. Жыл аяғында бұл көрсеткіш халықаралық қаржы ұйымы болжаған 25 миллионнан да жоғары болуы мүмкін» делінген ХЕҰ-ның ресми парақшасында.

Пандемия таралғалы әлемдік экономиканың табысы да күрт төмендеді. Дүниежүзіндегі 3,3 миллиард адамның 81 пайызы, яғни әрбір бесінші тұрғын табысынан айрылған.

 – Дамыған және дамушы елдерде жұмысшылар мен кәсіпорындар табыс апатына ұшырайды. Біз тез шешім қабылдап, бірге әрекет етуіміз керек. Жаңа зерттеулерге сәйкес, жұмыстан босатылғандар санының күрт өсу қаупі бар салаларда, жалақы аз және жұмыс уақыты қысқарған кезде 1,25 млрд адам жұмыс істейді. Олардың көпшілігі аз төленетін біліксіз жұмыспен айналысады және олар үшін кенеттен табыс жоғалтуы да ықтимал. Халықаралық ынтымақтастық 75 жылдан астам уақыт ішінде ең ауыр сынақтан өтуде, – дейді Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Гай Райдер.

Ал Қазақстан Үкіметі дағдарысқа қарсы шараларға 4,4 трлн теңге немесе 10 млрд доллар қаржы жұмсамақ. 2019 жылдың төртінші тоқсанында елімізде 441,4 мың жұмыссыз тіркелген. 15-28 жас аралығындағы жұмыссыз жастар саны 81,1 мың адамға жеткен. Төтенше жағдай режимі жарияланған мерзім аралығында бұл көрсеткіштің тағы ұлғайғаны анық.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: