Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

TOP-5: Қазақстандағы қатысушысы көп спорт үйірмесі

03.04.2023, 10:25 313

5-ОРЫН – ҮСТЕЛ ТЕНИСІ.

Үстел тенисі – жас ерекшелігі мен физикалық дайындығына қарамастан жалпыға бірдей қолжетімді спорт түрі. Бүгінде елімізде 8 мыңға жуық үстел тенисінің үйірмесі жұмыс істейді. 242 мыңнан астам адам аталған спорт түрімен айналысады.

4-ОРЫН – ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА.

Тарихы ерте заманнан бастау алатын жеңіл атлетика әлі күнге дейін танымалдылыққа ие спорт түрі саналады. Елімізде 7380 үйірме бар және 384 мыңға жуық адам жеңіл атлетикамен шұғылданады.

3-ОРЫН – БАСКЕТБОЛ.

Қазақстанда командалық спорт түрлеріне қызығушылық өте жоғары. Мәселен, елімізде 562 мыңға жуық адам баскетболмен айналысады. Баскетболдың қыр-сырын үйрететін 11738 үйірме бар.

2-ОРЫН – ВОЛЕЙБОЛ.

Мектеп жасынан көпшілігіміздің сүйікті ойынымызға айналған волейболмен біздің елде 766 мың адам айналысады. Қазақстанның барлық өңірінде жасөспірімдер мен ересектерге арналған 16 мыңға жуық үйірме жұмыс істейді.

1-ОРЫН – ФУТБОЛ.

Қазақстандағы ең көп қатысушысы бар үйірме – футбол. 1 млн 63 мыңға жуық қазақстандық футбол ойнайды. Олардың қатарында аталған спортпен кәсіби түрде айналысатын қыз-жігіттер де бар. Болашақ футбол әлемінің жұлдыздарын жаттықтырып, тәрбиелеп шығару үшін елімізде 17 мыңға жуық үйірме жұмыс істейді. Спорт жанкүйерлерінің қызығушылығы өте жоғары бокс үйірмелеріне 126 мыңға жуық адам қатысады. Ал, дзюдомен 133 мыңға жуық спортшы айналысса, 116 мыңға жуық адам еркін күреспен шұғылданады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: