HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің аумағына тыйым салынған заттардың негізгі қоршауды асыра лақтыру арқылы ену жолдарын болдырмау мақстында мекеменің жедел бөлім қызметкерлері, Қызылорда қалалық ЖПҚ-нің патрульдік полиция инспекторлары және №5547 ҰҰ әскери бөлімімен бірлесіп аралау жұмыстары жүргізілді.
«Мекеме аумағына тыйым салынған заттың енуінің алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Аталған оқиғаның орын алмауы біздің жіті қадағалауымызда. Тыйым салынған заттың мекеме аумағына ену дерегі тіркелген жағдайда тиісті шара қолданылады», – деді мекеменің жедел бөлім өкілі Ақерке Темірбекқызы.
Аралау жұмыстары кезінде ешқандай дерек тіркелмеді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!