Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

60-қа жуық заң бұзушылық анықталды

03.03.2023, 10:30 209

HALYQLINE.KZ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 12 айдағы қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау функциясына сай 64 мемлекеттік бақылау жүргізілді. Тексеру нәтижесінде, қолдануға жарамсыз 172 дана өлшем құралын пайдалануға тиым салу туралы 18 нұсқама берілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Қарсақбаев хабарлады.

– Біздің департаменттің басты міндеті – экономиканың барлық салалары бойынша өндірістің жүйелі жүргізілуі мен отандық өнімдердің сапалы әрі талапқа сай болуын қамтамасыз ету. Жалпы өткен жылы жүргізілген тексеріс барысында 58 заңбұзушылық анықталып, тиісті шаралар қолданылды. Сондай-ақ, жыл көлемінде біздің департаментке техникалық регламент және нормативтік құқықтық талаптарға сәйкес келмейтін бірнеше өтініш келіп түсті. Біз дереу тексеріс жұмыстарын жүргізіп, әкімшілік айыппұл салдық. Бұдан бөлек, департамент құқық қорғау қызметкерлерінің тексеріс жұмыстарына қатысып, өлшем құралдарының талапқа сай пайдалануы бойынша заң бұзушылықтар анықтады. Осы негізде 4 әкімшілік іс қозғалып, заң бұзушылыққа жол берген тұлғаларға жалпы көлемі 1531500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Жалпы, облыс тұрғындарына айтарымыз, қазіргі уақытта жиі кездесіп жүрген автокөлік жанармайы және сұйытылған газды мөлшерден аз құю немесе дүкендердегі өнімдердің салмағына қатысты заңбұзушылық байқасаңыз біздің департаментке хабарласаңыздар, – деді департамент басшысы Бауыржан Қарсақбаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: