Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мектеп театры – балалар шығармашылығын дамытудың мүмкіндігі

23.02.2023, 17:50 396

HALYQLINE.KZ Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің құралы. Сондықтан өскелең ұрпақтың арасында өнердің осы бір түрін дамыту өте маңызды. Осы орайда С.Әлжіков атындағы №144 орта мектеп базасында «Темірбек Жүргенов – тарихи тұлға, ұлт жанашыры» тақырыбында мектеп театрларының арасында облыстық байқаудың қалалық кезеңі өтті. Байқауға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері Мағжан Қанатұлы қатысып, өнерлі өрендерге сәттілік тіледі. Байқаудың мақсаты – балалардың рухани әлемін, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға баулу.

Айта кетейік, биыл мемлекет және қоғам қайраткері, білім мен өнердің нағыз жанашыры Темірбек Жүргеновтің туғанына – 125 жыл. Қазақ руханиятының өшпес шырағы Темірбек Жүргеновтің қилы тағдырын зерттеп, оның мұрасын насихаттау танымымызды биіктетіп, мерейімізді өсіретін өрісті бастама болмақ. Қойылым – осы мақсаттағы берекелі белестің бірі.

Оқушылар Темірбек Жүргеновтің өмір жолын, еңбек жолдарын, шығармашылығын жоғарғы деңгейде сомдап шықты. Өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін өнер өрендері арасында өткен байқау қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынға С.Лапин атындағы №261 мектеп, №39 орта мектеп және Абай атындағы ДБА мектеп лайық деп танылды.

Ал, ІІ орын Абылайхан атындағы №140 орта мектеп және №7 мектеп-лицейге бұйырды. Жүлделі І орын және облыстық кезеңге жолдаманы Б.Ермекбаев атындағы №271 орта мектеп иеленді. Ал, байқауға қатысушы барлық мектеп алғыс хатпен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: