Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Су тасқынының алдын алу шаралары қаралды

08.02.2023, 10:30 422

HALYQLINE.KZ Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі қаралды.

Көктемгі су тасқынына дайындық туралы баяндаған аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев арнайы бекітілген жоспарларға сәйкес алдын алу шаралары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Аудан аумағындағы Сырдария өзені толықтай мұз қатқан. Мұздың орташа қалыңдығы 45 см. Бүгінгі жағдай бойынша Қазалы су торабына жоғарыдан 256 м3/с су келіп тұр. Қазалы су торабынан төменге қарай – 244 м3/сек су жіберілуде. Ақсай арнасына мен Сол жаға магистральды каналы арқылы ауданға беріліп жатқан су көлемі 6 м3 .

Су басу қаупі бар учаскелерден тұрғындарды көшіру мақсатында 5 эвакуациялық жинақтау, 6 эвакуациялық қабылдау бекеттерінің орындары бекітілген. Қажеттілік туындаған жағдайда арнайы 60 техника, 240 жеке құрам жұмылдырылады. Өзен бойындағы қауіпті учаскелерге тәулік бойы кезекшіліктер ұйымдастырылуда.

Мәжілісте аудан басшысы маңызды мәселеге қатысты нақты тапсырмалар берді. Тиісті сала басшылары мен ауыл әкімдеріне құзырлы мекемелермен бірлесіп, жағдай күрделенген кезде жедел жұмылдыруды ұйымдастырылуын, төтенше жағдай кезіндегі эвакуациялық іс-шараларды пысықтауын міндеттеді. Сонымен қатар, су тасқыны кезеңіне күштер мен құралдардың толық дайын болуын тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: