Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауылға интернет тартқан операторларға субсидия төленеді

02.02.2023, 9:35 245

HALYQLINE.KZ Ауылға интернет тартқан шағын және орта байланыс операторларына ақырғы шақырымға жұмсаған шығын мемлекет есебеніне субсидияланады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының аясында осында шара ұсынып отыр.

«Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен агроөнеркәсіптік кешендерге цифрландыруды енгізу үшін телекоммуникациялық инфрақұрылыммен, оның ішінде Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөнінде жағдай жасау қажет. Сонымен қатар, кәсіпорындардың көпшілігі ауылдық елді мекендерден тыс жерде екені анықталды. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен агроөнеркәсіптік кешендерді Интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады», – деп жазылған Ұлттық жоба мәтінінде.

Жоба авторларының есептеуінше, байланыс операторлары үшін ауылдық елді мекендердегі үй шаруашылықтарына интернет тарту экономикалық тұрғыдан тиімсіз.

«Осыған байланысты, шағын және орта байланыс операторлары үшін ауылдық елді мекендердегі үй шаруашылықтарына интернеттің «соңғы милін» субсидиялау тетігі көзделген», – делінген құжатта.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: