HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№ 68 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесі (тергеу изоляторының) жедел бөлім қызметкерлеріқару-жарақтың табылуына себепкер болды. Өйткені, мекеменің жедел бөліміне Қызылорда қаласының Тасбөгент кентіне қарасты Ш.Есенов көшесінің соңғы жазық дала бөлігінде қару-жарақ жасырылған деген ақпарат келіп түскен болатын .
Келіп түскен ақпарат негізінде, мекеменің жедел бөлім қызметкерлері ОПД және ҰҚҚКБ-мен бірлесе отырып, тексеру жұмысын жүргізді. Тексеру барысында 1 бронжелет 1 шолақ мылтық, 2 автомат оғы тәркіленіп, зерттеу тобына жіберілді. Зерттеу нәтижиесінде бұл құралдардың, пайдалануға жарамды қару-жарақ пен пайдаланылмаған оқ екені анықталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!